Қостанай педагогикалық колледжінің 4 курс студенті
Менің машықтамам
Мамандығымыздың қыр сырын түсініп, тәжірибе жинау мақсатында мектептерге байқау практикаларына жіберіп отырады. Машықтама кезінде нағыз мұғалімнің қандай болу керектігін түсініп келемін. Осы практикада 4 А сынып оқушыларымен жұмыс жасадым. Сабақтарды ұйымдастыру,оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату жағын үйрендім.
Машықтамада 6 пәннен ашық сабақ беру тапсырылды. Сабақтарды ұйымдастыруда сыный тұрғыда ойлау технологиясын пайдаланып,оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Әр сабақты дайындауға үлкен жауапкершілікпен қарауға тырыстым. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,оқушылардың қызығушылығын арттыруға тырыстым.
Өткізілген іс-шаралар
Машықтама барысында ашық сабақтардан тыс,сыныптан тыс іс шараларда өткіздік. Сынып жетекшінің басшылығымен іс-шаралар өткіздік. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға тырысып,көңіл-күйлерін көтере түстік. Сабақтарға қатысты да жаттығулар дайындап интелектуалды ойлау қабілеттерін дамыттық.